Өсиет Şarkı Sözleri

Жұбаныш Жексенұлы

2017

4
0

Paylaş:



Мақтанса жан салмайтын,
Төмпешікті тау санайтын,
Жігіттер бар-ау тым айқын.
Өзіңше данышпандай,
Жұрттың бәрін намыстанбай,
Сыпыра мінеп-сынайтын.
Көкірегін керген,
Жүрістері кердең,
Тым артық санар өздерін елден.

Қайырмасы:
Тоқта, май тамызба отқа,
Сөзіңді салмақта.
Бағасы азаматтың ақылында
Нардай кір келтірме атқа
Босқа шаппа.

Жатпа, жем қылмайды жатқа,
Атыңды ардақта,
Асқақтап абыройың, даңғыл жолың,
Сонда басыңдағы қалыңдайды
Қонған бақ та.

Көпшілік көзбен еріп,
Кетпейтін-ақ сөзге берік,
Жігіт қой елдің ертеңі.
Балауса балаң ғана,
Бой түзейді соған қарап,
Өсетін елдің өркені.
Мәртебесі биік,
Талмас қанат иық,
Нар ұлдарың, халқым, тұрар сүйеп.

Қайырмасы.
Кірем десең топқа,
Сөзіңді салмақта,
Ей, жігітім, тоқта.

Қайырмасы.
Кірем десең топқа,
Сөзіңді салмақта,
Ей, жігітім, тоқта.

Тоқта!



Жұбаныш Жексенұлы, Өсиет Şarkı Sözleri, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






16.04.2019