Өзің ғана Şarkı Sözleri

Жігер Ауыпбаев , Гүлнұр Оразымбетова

2018

34
0

Paylaş:



Әлемге алтын нұрдай таратылған
Сен - жарық күнімсің, жаңа туған
Аққудың қанатынан жаратылған
Аруым сенсің, жарығым
Мәңгілік арман
Махаббаттың әсем әні бұл


[Қайырмасы]
Асқардағы шынарым - өзіңсің
Аспандағы шырағым - өзіңсің
Сенбісің жастықтың алауы
Аялаған арманым - өзіңсің
Саялаған орманым - өзіңсің
Жапырақ - жанымның жалауы
Жан жүрегімнің қалауы - өзің ғана


Ақ тілек махаббатсыз арман қайда
Ән ерке сезіммен жалғанбай ма?
Жаратқан екеумізге жар болмай ма
Жанымда жүрші, жарығым
Мәңгілік арман
Махаббаттың әсем әні бар


[Қайырмасы]
Асқардағы шынарым - өзіңсің
Аспандағы шырағым - өзіңсің
Сенбісің жастықтың алауы
Аялаған арманым - өзіңсің
Саялаған орманым - өзіңсің
Жапырақ - жанымның жалауы
Жан жүрегімнің қалауы - өзің ғана

Асқардағы шынарым - өзіңсің
Аспандағы шырағым - өзіңсің
Сенбісің жастықтың алауы
Аялаған арманым - өзіңсің
Саялаған орманым - өзіңсің
Жапырақ - жанымның жалауы
Жан жүрегімнің қалауы - өзің ғана
Өзің ғана


Сөзі.И.Сапарбай
Әні. Х.Әбілжанов
Жігер Ауыпбаев, Гүлнұр Оразымбетова, Өзің ғана Şarkı Sözleri, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Yorumlar

Ruslan Usmanov

09 Ocak 2018

Жігер бауырыма артық сөз жоқ. Өнері өрге жүзсін. аяқтан шалмасын ешкім. Мына әнді қай қызбен орындаған тамаша жүректі тербеді

29.04.2020
Kullanıcılar
Video
Жігер Ауыпбаев
Өзің ғана