Şarkı Sözleri
Жақұтым болып жарқырашы
Әрленген сәнді кестемен
Жаңбырдай жаным тамшылашы
Бетіне жауып кетпеген
Бақытым болып бағымды ашып
Көңілді аулап емдеген
От болып жаным алаулашы
Жүректе мәңгі сөнбеген
Қайырмасы
Мөп мөлдір сенің жанарың
Аспандай ашық ажарың
Күлімдеші күнімдеші
Жұлдызы жарық түнім деші
Сырыңды қалай жасырамын
Ашылып ешбір төкпеген
Жетіг саған асығамын
Өтініш басым өкпеден
Сағыныш сазы қалықташы
Жүректе жыр мен кернеген
Сағынып жаным қамықпашы
Теңіздей тұнық тербеген
Қайырмасы
Мөп мөлдір сенің жанарың
Аспандай ашық ажарың
Күлімдеші күнімдеші
Жұлдызы жарық түнім деші
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).