Жігіттерге өсиет Şarkı Sözleri

Жанар Айжанова

2018

2
0

Paylaş:



Жігіттер жаман істі кәсіп етпе
Досыңды бірге жүрген басып өтпе
Басыңа әлде қандай іс түскенде
Дос түгіл дұшпаныңда қашар шетке
Жігіттер мал мен басың көп демеңіз
Киім көп тамағыңда тоқ демеңіз
Біздерге және қыз-ай жоқ демеңіз

Жігіттер жалған дүние бізден қалар
Бір күні ажал келіп жаныңды алар
Жан шығып бұл өмірден кеткеннен соң
Мал мүлкің әйел балаң бәрі қалар
Өлімнен құтылмайсың қашсаңдағы
Әкеңнен арыстандай ассаңдағы
Алладан шыныменен жарлық келсе
Жұлдызда жерге түсер аспандағы

Кәрі өлсе тұрған дауыл тұнғандай-ақ
Жас өлсе бәйтерегің сынғандай-ақ
Жігіттер жас күніңде ойнада күл
Бұл дүние көзді ашып жұмғандай-ақ

Жанар Айжанова, Жігіттерге өсиет Şarkı Sözleri, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






16.08.2019
Kullanıcılar