Жадыра Арыстанова Адай шай (2019), Şarkı Sözleri

Адай шай Şarkı Sözleri

Жадыра Арыстанова

2019

3
0

Paylaş:



Жеңешемнің адай шайы өз қолымен демдеген
Бастың жазып сақинасын қуат берген дем берген
Шаймен ғана жаймен ғана шөлін басар шөлдеген
Жанға жайлы нағыз шайды білетіндер кемде кем
Ақ құманнан ағып жатқан шайдың күрең құрағы
Кеседегі қою сүтпен араласып барады
Науат салып шай қасықпен шайқап жібер шамалы
Ішкеніңде шөлің қанып жаның рахат табады

Қайырмасы
Ішкен едім талай шай бұл ішкенім қандай шай
Бал қаймағы қалқыған қою күрең адай шай
Қою күрең адай шай иісі жұпар балдай шай
Жаны жайлы жеңешау құйшы маған тағы шай құйшы маған адай шай

Адай шайы анамыздың қасиеті дарыған
Су сап келген атамыздың денесісін қандырған
Сәні бөлек дәмі ерек әрі сусын әрі нан
Шөлдегенде мен дегенде осы шайды сағынам
Осы шайдың буыменен ататындай қыртаны
Таң атқаннан таңдайымнан дәмі кетпей тұрғаны
Ылғи дәйім ішкен сайын күрең түске тартады
Адай шайы білсең жайын сусындардың сұлтаны

Қайырмасы
Ішкен едім талай шай бұл ішкенім қандай шай
Бал қаймағы қалқыған қою күрең адай шай
Қою күрең адай шай иісі жұпар балдай шай
Жаны жайлы жеңешау құйшы маған тағы шай құйшы маған адай шай







Yorumlar

Гульмира Коныр

16 Mart 2021

Па керемет орындаған екен