Заман тобы & Дастан Оразбеков Айсұлу (0) Şarkı Sözleri

Айсұлу Şarkı Sözleri

Заман тобы , Дастан Оразбеков

Айсұлу

0
0

Paylaş:


 
Өзіңмен таң атырсам да сені іздеймін,
Кешті бірге батырсам да сені іздеймін.
Дидарыңа тоймай қарап жылу сезініп,
Көз алдымда отырсаң да сені іздеймін.
 
Қайырмасы:
Аяулы қымбаттым Айсұлу,
Жаным деп тіл қаттың Айсұлу.
Сарғайтып сан күйге түсірген,
Шешуі жұмбақтың, Айсұлу.
 
Жазғырасың кейде әлсіз балалығыңмен,
Мәз қыласың кейде ерекше даралығыңмен.
Неткен жансың мені ессіз құштарландырған,
Әр сәт сайын қызықтырған жаңалығыңмен.
 
Қайырмасы:
Аяулы қымбаттым Айсұлу,
Жаным деп тіл қаттың Айсұлу.
Сарғайтып сан күйге түсірген,
Шешуі жұмбақтың, Айсұлу.






GM

Sözü ekledi

31.10.2015
Video
Заман тобы
Айсұлу