Сыр елім 2021 Төрежан Сүлейменов

1
0

Paylaş:




Şarkı Sözleri



Ыстық лебің өзгеше жаратылған,
Ақ күрішпен жайқалған дала тұнған.
Еш армансыз бәлкім мен өтер ме едім,
Туған жерім сен үшін болсам құрбан.

Қайырмасы:
Қорқыт бабам дүниеге келген жер,
Әбілдадай ақын өсіп өнген ел.
Ақ күріштің мекені еткен өлкені
Жақаевтай атамыз талай төккен тер.

Мейірбектей, Мұхтардай ақындарым,
Жерлестерім, жүрегіме жақындарым
Мен қалайша тоқталмай өте аламын,
Өздеріңе бағыттады, бұл қаламым.

Қайырмасы:
Қорқыт бабам дүниеге келген жер,
Әбілдадай ақын өсіп өнген ел.
Ақ күріштің мекені еткен өлкені
Жақаевтай атамыз талай төккен тер.

Сыр өңірі жыр алыбын тудырған,
Өлең шыққан Сырдария суынан.
Сүйіп өтем құмың, тасың, тауыңды,
Туған жерім қымбатсың ғой сен маған Х2



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Yorumlar
Narhulan Narhulan
19 Eylül 2021

narka