Төреғали Төреәлі Жылама ботам (2017), Şarkı Sözleri

Жылама ботам Şarkı Sözleri

Төреғали Төреәлі

2017

32
2

Paylaş:



Жүрегіңнің жаным жылағанын, жүрсіңбе әлі жасырып,
Ақбозатқа мініп Төлегенің, келетіндей асығып.
Тағдырыңа басұрып,
Сағынышыңды сағымға сіңіп.

Жарасына жанның уақыт емші, айлар өтер, жыл өтер.
Тіршілігі болмай тірі жанның, жігеріңді құм етер,
Ойлай берсең жүдетер,
Еркетайым-ау, еңсеңді көтер.


[Қайырмасы]
Жан Ботам жыламашы,
Жан Ботам жыламашы,
Жылама Ботам.
Қайғың бар, бағыңда бар, бір анаға тән,
Жылама Ботам

Төзім жеңіп нәзік сезіміңді, сезіміңді тым әлсіз,
Елестетсем еркем ертегіңді, ертеңіңді тұмансыз.
Бақ табуың күмәнсіз,
Сырға болмайды жаным сыңарсыз.

Төрт тұяғы бүтін тұлпар барма?
Болмасада шабады.
Қос қанаты бүтін сұңқар барма?
Барлық адам жаралы.
Шыдай тұрсаң шамалы,
Сенің де үйіңде той болар әлі.


[Қайырмасы]
Жан Ботам жыламашы,
Жан Ботам жыламашы,
Жылама Ботам.
Қайғың бар, бағыңда бар, бір анаға тән,
Жылама Ботам.

Жан Ботам жыламашы,
Жан Ботам жыламашы,
Жылама Ботам.
Қайғың бар, бағыңда бар, бір анаға тән,
Жылама Ботам

Әні: Құрал Молжанов
Сөзі: Қайнар Алагөзов






Yorumlar

Құндыз

26 Aralık 2017

керемет

Аружан Нуртай

22 Mart 2018

жақсы

Самира Алиева

Metini düzeltti

13.05.2020
Kullanıcılar