Төреғали Төреәлі Жүрегің қазақ, сенесің бе? (0), Şarkı Sözleri

Жүрегің қазақ, сенесің бе? Şarkı Sözleri

Төреғали Төреәлі

Жүрегің қазақ, сенесің бе?

21
0

Paylaş:



Жүрегің қазақ, сенесің бе?
Халқыңның қамы үшін,
Аянба арысым.Ақ болсын,
пәк болсын кіршіксіз намысың.
Себебі, сен қайсар қазақтың
Арысың, жанысың, бағысың, барысың.

Жүрегің қазақ, сенесің бе?
Өткенге үңілме,
Тәубе де бүгінге.
Жақсы атқа, мақсатқа жетесің түбінде.
Баянды бақытың өзіңнің тіліңде,
Үніңде, дініңде, діліңде.

Қайырмасы:
Қаның да қазақ, жаның да қазақ,
Ұлтыңның күресші бағы үшін.
Арында қазақ, жалында қазақ
Бар әлем танысын.
 
Жүрегің қазақ, сенесің бе?
Бірігіп Ту үшін,
Бөлінбе ру үшін.
Бар қазақ бауырың, әр қазақ туысың.
Сен де бір тірегі ұлтымның
Ұлысың, гүлісің, жырысың, сырысың.

Жүрегің қазақ, сенесің бе?
Қазағым жеріңде,
Бір қарыс шегінбе.
Отаным менің де,
Отаның сенің де.
Қазағым, тек қана сенікі
Жерің де, кенің де, көлің де, шөлің де.
 
Қайырмасы:
Қаның да қазақ, жаның да қазақ,
Ұлтыңның күресші бағы үшін.
Арында қазақ, жалында қазақ
Бар әлем танысын.






Yorumlar

нариман

05 Nisan 2016

кушти Олег екен

Ербол

09 Nisan 2016

кушты олен

жасулан

03 Mayıs 2016

кушты маны бар олен

жумабай

12 Haziran 2016

кошыру

сәуле

25 Eylül 2016

жақсы ән екен

Ерлос

19 Ekim 2016

жақсы өлең екен

Айдос

12 Aralık 2016

созы баска олены баска болдыго неме бале

бикон

18 Aralık 2016

суйкти аним болды

Admin

Metini düzeltti

17.12.2016
Kullanıcılar

GM

GM