Төреғали Төреәлі Сендік сезім қандай? (0), Şarkı Sözleri

Сендік сезім қандай? Şarkı Sözleri

Төреғали Төреәлі

Сендік сезім қандай?

4
0

Paylaş:



Арың барда қардай,
Бағың барда таудай,
Сағынбайсың дейсің.
Сағынғанда қандай?!

Бекер қайғы жейсің,
Бізбен елге бармай.
Іздемейсің дейсің,
Іздегенде қандай?!
 
Жүзің аппақ қардай,
Көзің нұрлы шамдай.
Шын сүймедің дейсің,
Шын сүйгенде қандай?!
 
Жүргеніңмен шалғай,
Екі ауылды жалғай.
Аңсамадың дейсің,
Аңсағанда қандай?!
 
Сенсіз ұйқым қанбай,
Жүрмін Күндей жанбай.
Ойламайсың дейсің,
Ойлағанда қандай?!
 
Сенсіз мазам болмай,
Жүрсің қолға қонбай.
Мендік сезім сондай,
Сендік сезім қандай?






Yorumlar

Қонақ

25 Mart 2016

мыкты

бикон

18 Aralık 2016

жаксы аннын бири

GM

Sözü ekledi

12.01.2016
Video
Төреғали Төреәлі
Сендік сезім қандай?