Төреғали Төреәлі Өмір (Оригинал минус) (2016), Şarkı Sözleri

Өмір (Оригинал минус) Şarkı Sözleri

Төреғали Төреәлі

2016

12
0

Paylaş:



Жаралып сұлу тәніміз,
Беріліп оған жанымыз
Өмірге келдік бәріміз
Анамыздың құрсағынан
Тәніңде жүрмес жан мәңгі
Адамның жолы бағдарлы
Келмеске кеткен жандарды
Жаным жылып, жыл сағынам

[Қайырмасы]
Өмір кейде мәнді емес
Құлатқанда жар, белес
Өмір деген өтпелі
Адам да мәңгі емес
Өмір ай, өмір ағын судай
Адамның жаны қауырсындай
Қиындықтарда сағым сынбай
Жүрсем екен, жүрсең екен
Өмір ай, өмір сағын киік
Иманның алтын тәжін киіп
Бір бірімізді қадірлейік
Тау бесіктен жер бесікке дейін

Әр күннің шыдап дауылға
Шағылмай асқар тауым да
Құшағын ашқан бауырға
Алғыс тілек айтатын күн
Өмірдің мәні силастық
Өмірдің мәні өтініш
Қалмасын іште өкініш
Ауылыңа қайтатын күн

[Қайырмасы]
Өмір кейде мәңді емес
Құлатқанда жар, белес
Өмір деген өтпелі
Адам да мәңгі емес
Өмір ай, өмір ағын судай
Адамның жаны қауырсындай
Қиындықтарда сағым сынбай
Жүрсем екен, жүрсең екен
Өмір ай, өмір сағын киік
Иманның алтын тәжін киіп
Бір бірімізді қадірлейік
Тау бесіктен жер бесікке дейін






Yorumlar

Ернат Омаргазин

05 Haziran 2017

Жарнама қарадым тегін ән бермедізгой

Admin

Metini düzeltti

24.02.2017
Kullanıcılar