Төреғали Төреәлі Ғашық болма (0), Şarkı Sözleri

Ғашық болма Şarkı Sözleri

Төреғали Төреәлі

Ғашық болма

2
0

Paylaş:



Күндерің жасытқанда
Іздейсің тосып таңда
Мен мүмкін басқашамын
Сен маған ғашық болма!
Үздікпе, іздеме де,
Өтпейді ол мұз денеге
Естай мен Қорландардай
Жан ба едік біз немене

қайырмасы:
Шараң жоқ сағынбасқа,
Не бітер асыққанда?!
Ал, менің жолым басқа,
Сол үшін ғашық болма.
Көңіліңді қалдырған күз
Бір күні сый береді.
Өзгеше тағдырлармыз,
Өтінем сүйме мені

Сезімге толы сенің
Жаныңмен бөлісемін.
Хат жазып хабар алып
Тұруға келісемін.
Жаныңды жылатсаң да
Жазықсыз кінә артсаң да
Ұмытып кет демеймін
Ұнатпа ұнатсаң да.

қайырмасы:
Шараң жоқ сағынбасқа,
Не бітер асыққанда?!
Ал, менің жолым басқа,
Сол үшін ғашық болма.
Көңіліңді қалдырған күз
Бір күні сый береді.
Өзгеше тағдырлармыз,
Өтінем сүйме мені






GM

Sözü ekledi

01.12.2015
Video
Төреғали Төреәлі
Ғашық болма