Төреғали Төреәлі Егіздің сыңары (0), Şarkı Sözleri

Егіздің сыңары Şarkı Sözleri

Төреғали Төреәлі

Егіздің сыңары

13
0

Paylaş:



Бір қараған жанарыңның өзі неге тең,
Күн нұрындай төгіледі екен.
Сыңарына ғашық болсаң егіз қыздардың
Біреуі артық көрінеді екен.

Елігім-ау егізіңмен теңесең мені,
Жүрегіңнің төріне жетем.
Бірге туып, бірге жүрген сендер түгілі,
Қара тас та бөлінеді екен.

Екеу боп келген бес күнге,
Егіздің сыңары.
Ұқсамайсың-ау ешкімге,
Егіздің сыңары.

Сен болмасаң уық сынып, кереге құлар,
Арамыздың шегелері бар.
Қосылмаған Қозы-Баян, Жібек-Төлеген,
Ешкім емес өнеге қылар.

Бұл әлемде әр Қозының өз Баяны бар,
Әр Жібектің Төлегені бар.
Саған менсіз, маған сенсіз өмір жоқ жаным,
Басқа сөздің не керегі бар?!






Yorumlar

Берік Дуисенбек

18 Ocak 2018

егіздің сыңары созі

Аружан Ешмупатова

15 Mart 2018

менин инилерим егиздер олар кайда журседе бирин бирин издейди олар бирин биине уксайды

GM

Sözü ekledi

05.01.2016
Video
Төреғали Төреәлі
Егіздің сыңары