Төреғали Төреәлі Аралым (2016), Şarkı Sözleri

Аралым Şarkı Sözleri

Төреғали Төреәлі

2016

20
0

Paylaş:



Әуелеп ұшқан, әнім де менің елші екен
Таласып қалмай, анасын егіз емсе тең
Сырдария мен Әмудария қосылып
Қарт Аралыма сәлемін беріп келсе екен

[Қайырмасы:]
Аралым арман толса екен
Аққулар қайта қонса екен
Ұл-қыздарыңның санасы
Теңіздей терең болса екен
Аралым қайта келсе екен
Қазаққа ғана енші екен
Өзім гүлдерге өзімді
Өзіммен ғана көрсетем

Арал жығылдың, тілеуін тәңір бере гөр
Ерке толқыным, еркелеп маған келе гөр
Ақ желкен келіп, айдынға қайта шықса екен
Қайран да қайран, қайраңдап қалған кемелер

[Қайырмасы:]
Аралым арман толса екен
Аққулар қайта қонса екен
Ұл қыздарыңның санасы
Теңіздей терең болса екен
Аралым қайта келсе екен
Қазаққа ғана енші екен
Өзім гүлдерге өзімді
Өзіммен ғана көрсетем






Yorumlar

карлыгаш

26 Haziran 2016

олендер. керек..

Нұрдәулет

29 Mayıs 2021

Жаман 👎

Нұрдәулет

29 Mayıs 2021

Жақсы 👍

Admin

Sözü ekledi

23.06.2016