Төреғали Төреәлі Айна (2018), Şarkı Sözleri

Айна Şarkı Sözleri

Төреғали Төреәлі

2018

36
3

Paylaş:



Қазағым бар қаймана, байтағым бар,
Қызылорда, Байқоңыр бар.
Өткен күнді демеймін, қайтарыңдар,
Өз-өзіме айтарым бар.
Қарап едім айнаға,
Ер жетіпсің ай-бала.
Азаматқа айнала ғой!

[Қайырмасы]
Той еместі тойлама,
Ой еместі ойлама!
Ерке бала емессің,
Енді қызбен ойнама!
Ашу - дұшпан, ақыл - дос,
Дұшпаныңа бойлама, сееен!
Неше түрлі бай қала,
Аспан да кең, айдала.
Бәрі сенің еншіңде,
Жарата біл пайдаңа.
Уақытыңды өткізіп,
Бақытыңды байлама сен!

Болар бола он бесте бас болады,
Темірқазық жастанады.
Ақыл-білім болмаса, тас қамалы,
Ер елуде жас болады.
Қарап едім айнаға,
Ер жетіпсің ай-бала.
Азаматқа айнала ғой!

[Қайырмасы]
Той еместі тойлама,
Ой еместі ойлама!
Ерке бала емессің,
Енді қызбен ойнама!
Ашу - дұшпан, ақыл - дос,
Дұшпаныңа бойлама, сееен!
Неше түрлі бай қала,
Аспан да кең, айдала.
Бәрі сенің еншіңде,
Жарата біл пайдаңа.
Уақытыңды өткізіп,
Бақытыңды байлама сен!






Yorumlar

Ұлы ДАЛА Баласы

20 Haziran 2018

Күшті

Парахат Азим

04 Ekim 2018

мағыналы дұрыс өлең

Досымжан

09 Aralık 2018

күшті ән

Roza Kuramysova

16 Kasım 2020

кушты

Admin

Metini düzeltti

20.06.2018
Kullanıcılar