Тоқтар Серіков Сыған серенадасы (0), Şarkı Sözleri

Сыған серенадасы Şarkı Sözleri

Тоқтар Серіков

Сыған серенадасы

19
0

Paylaş:



Тулаған қаны бар
Тұлпар да табылар
Үміт болса
Күн туса басыңа
Мойыма, жасыма
Жігіт болсаң!
 
Толқысын шартарап
Тасышы, тебіренші, о, гитара!
Оу, жан серігім, төгілсін күй тарап
Жаның тарықпасын!
Ән шарықтасын!
Қайран басың
Ғаріп басың
Көзінді жұмбай қамықпасын!
 
Қайнаған қаны бар
Қалыңдық табылар
Үміт болса
Шаттықты уыстан
Шығарма, туысқан
Жігіт болсаң!
 
Толқысын шартарап
Тасышы, тебіренші, о, гитара!
Оу, жан серігім, төгілсін күйтереп
Жаның тарықпасын!
Ән шарықтасын!
Қайран басың
Ғаріп басың
Көзінді жұмбай қамықпасын! 






Anel

Metini düzeltti

31.07.2018
Kullanıcılar

GM



shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz