Тоқтар Серіков Көздеріңе ғашық болып өтсінші (0), Şarkı Sözleri

Көздеріңе ғашық болып өтсінші Şarkı Sözleri

Тоқтар Серіков

Көздеріңе ғашық болып өтсінші

7
0

Paylaş:



Жумып кейде жанарымды нұр сіңген
Кездескенде арман атты тылсыммен
Ту сыртымнан үп еткенде самал жел
Елеңдеймін сен шығар деп күрсінген
Ту сыртымнан үп еткенде самал жел
Елеңдеймін сен шығар деп күрсінген
 
Ғашық жанның басындағы хал бөлек
Ғашық жанды әлдилейтін ән керек
Жаңбыр жауса тырсылынан оянам
Іздеп келіп есік қаққан сен бе деп
Жаңбыр жауса тырсылынан оянам
Іздеп келіп есік қаққан сен бе деп
 
Қашан болсын қайғы көрмей жүр аман
Мен тағдырдан басқа тілек сұраман
Күн астында сыңғырласа күміс су
Сенің күлкің естілгендей куанам
Күн астында сыңғырласа күміс су
Сенің күлкің естілгендей куанам
Күн астында сыңғырласа күміс су
Сенің күлкің естілгендей куанам
 
Өмір деген өте шығар өткінші
Аз ғұмырда көп қуанып көп күлші
Маған ұқсап аспандағы Ай мен Күн
Көздеріңе ғашық болып өтсінші
Маған ұқсап аспандағы Ай мен Күн
Көздеріңе ғашық болып өтсінші
Маған ұқсап аспандағы Ай мен Күн
Көздеріңе ғашық болып өтсінші 






Еламан Мади

Metini düzeltti

23.04.2021
Kullanıcılar

GM