Адам болам десеңіз ойлан бала Тілеуқабыл Дəулетов

0
0

Paylaş:


Şarkı Sözleri



Адам болам десеңіз ойлан бала
Адам болу оңай дейсің қайдан ғана
Адам қылып жаратқан бізді Алла
Надан қылып жіберетін шайтан ғанаАлла бізді жаратты Адам қылып
Жақсы іске бастау үшін қадам қылып
Алланың бойсынбасаң айтқанына
Жібереді шайтан сені надан қылыпНадан болып жүргеніңе мақтанасың
Өз ойыңша сол жүрістен бақ табасың
Өз ойыңмен жүре берсең бұл өмірде
Сырт көзге жиіркенішті боп қаласыңӨзіңдегі кемшілікті байқамайсың
Жақсымын деп мақтанып айғайлайсың
Ұят қайда бауырым ойлансаңшы
Жаманмын деп сен неге айталмайсыңЖақсылардың көбісі үндемейді
Жамандарға не істеседе бəрі мейлі
Бұл өмірде Жақсылардың бір белгісі
Ойланбай ол сөйлегенді жөн көрмейдіАлла бізді Адам қылып жаратқан
Орын беріп бəрі аңсаған жұмақтан
Адам бірақ көп болмады жұмақта
Шайтан бізді тура жолдан құлатқанШайтан жүрген жердің бəрі дау екен
Шайтан бізге өлгенге дейін жау екен
Шүкір етіп сəжде қылған адамның
Ақыл есі өмір бойы сау екенАлла Адамды жаратқан топырақтан
Түр əлпетін адемілеп жадыратқан
Адам сонда шүкір етіп бейнесіне
Ұялғаннан киім тікті жапырақтанҰят кетті адамнан бұл күндері
Ұятсыз əзіл айтып күлімдеді
Ашық шашық киініп көше кезіп
Зина жасап өтіп жатыр əр түндеріҚыздарымыз күннен күнге ашылуда
Боянам деп ақшалары шашылуда
Көрінгеннің барлығына ұнаймын деп
Əр еркектің астында басылудаҰялмайды қазіргі жігіттерде
Ұқсайсыңдар намысы жоқ шіріктерге
Аңдып жүріп ұялмай көше кезіп
Қарындасын зина жасауға үгіттеудеМақтанады ұялмай Қазақпын деп
Қазақпын деп бəрінен ғажаппын деп
Қалай ғана дəтің барды мақтануға
Мақтансайшы оданда мазақпын депҰл қызымыз тоздыруда клубтарды
Ұл қыздардың тəрбиесі ұмыт қалды
Құрттайынан бермегенсоң тəрбиені
Өскен кезде айтқанына сынып қалдыАна деген асыл сөз қайда қалды
Əке деген асқар тау қайда қалды
Асылы мен Асқары болмағаннан
Ұл қыздарды басқа ұлт пайдаландыЕр жүрек ағалары қайда қалды
Намысты інілері қайда қалды
Намысы мен ер жүрегі болмағаннан
Қарындасты басқа ұлт пайдаландыОйлан Қазақ тəуелсіздік рухың барда
Ойлан Қазақ кең байтақ жерің барда
Келешек ұрпаққа біз не айтамыз
Аталардан алмаған кегің барма?



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Ekledi

07.11.2017