Әлі кетіп барасың.
Сол бір көлді жерде емес,
Көкте ме деп қаласың.
Қөкпеңбек боп ылдидан
Көрінеді ол саған.
Зымырайсың құлдилап,
Ғашығыңа аңсаған.
Қөрінбестей көзге анық,
Тап баспасаң ол саған;
Желден, бұлттан қызғанып,
Орман, таулар қоршаған.
Құлап түскен ертеде
Аспанның бір айындай.
Сол көгілдір еркеге
Қарайсың көз айырмай.
Жеткізбейді бел-белес,
Әлі кетіп барасың,
Со бір көлді жерде емес,
Көкте ме деп қаласың. Сырбай Мәуленов, Есік көлі Şarkı Sözleri, 0 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store