Ақ қалпағы басында Şarkı Sözleri

Сырбай Мәуленов

0
0

Paylaş:


Көгінде күн күркіреп,
Алды үйіріп даланы.
Жаңбырлы бұлт сіркіреп,
Шайып өтті ауаны.
Көктем желі шарлаған
Қыс көйлегін сыпырды.
Қызғалдақтар аумаған,
Қызыл тулар сықылды.
Ақты өзен алға ұзап,
Ақ тал қалмай шашында,
Алатау тұр жалғыз-ақ,
Ақ қалпағы басында.
1956
Сырбай Мәуленов, Ақ қалпағы басында Şarkı Sözleri, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Sözü ekledi

26.08.2016