Астана кештері Сүлеймен Ибрагимов

2017

0
0

Paylaş:




Şarkı Sözleri



Күн батса сағынып қалғандай боп
Сұлу кеш құшақтар қаланы
Астана шамдары маржандай боп
Біртіндеп көбейіп барады

Есілдің жағасы ертегідей
Еркелеп самал жел еседі
Көңілдің керемет көктемінде
Ғажап- ау Астана кештері

Ғимарат сарайлар асқаралы
Асқақтап аспанмен тілдескен
Арқаны аруы Астананы
Оранып ғасырмен үндескен

Бақыттың бағына айналдыңай
Қазақтың даласы кешегі
Ешкімді қоймайды таң қалдырмай
Арайлым Астана кештері

Еділ өзенде алтын аққан
Көліктер жарқырап зулайды
Астана жүректе жалын атқан
Соғуын мәңгілік қоймайды

Кеудемді кернеген шаттық әні
Елімнің еңбегі еседі
Жанымда жатталып қалды мәңгі
Сүйкімді Астана кештері





Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Ekledi

19.10.2017