Жол Şarkı Sözleri

Son Pascal

Жол

2
0

Paylaş:



1. Бұл пайдасыз дүние
Мән іздеуде жауап таппадым
Шалғай елімді аңсадым
Армандай берем
Алыста жүрсем

Қайырмасы:
Жол, алдағы үмітім оған мол
Кезіктірер бізді бұл жол
Бірге ұстасып қолмен қол
Жетелейді шыңдарға

Жол, өтінемін мейiрімді бол
Мен көп кездім ел аралап
Қиындыққа төзгенім сол
Бұрылмаймын енді артқа

2. Мен желдің артынан
Белгісіз әлемге аттандым
Тек үйім десе толғанам
Армандай берем
Алыста жүрсем

Қайырмасы:
Жол, алдағы үмітім оған мол
Кезіктірер бізді бұл жол
Бірге ұстасып қолмен қол
Жетелейді шыңдарға

Жол, өтінемін мейiрімді бол
Мен көп кездім ел аралап
Қиындыққа төзгенім сол
Бұрылмаймын енді артқа

Бұрылмаймын енді артқа
Son Pascal, Жол Şarkı Sözleri, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Yorumlar

Галымжан Орынбасар

12 Ocak 2018

Шерхан Бибатыр

Metini düzeltti

16.12.2017
Kullanıcılar

GM

Video
Son Pascal
Жол