Серік Ибрагимов Сенем саған (2019), Şarkı Sözleri

Сенем саған Şarkı Sözleri

Серік Ибрагимов

2019

16
3

Paylaş:



Бағалай алсаң бағалым
Бақытың болып қаламын
Аяласам мен қалай анамды
Сені солай аялай аламын
Махаббатқа адалым

[Қайырмасы]
Сенем саған сенем
Сені жақсы көрем
Жүрегімді жұлып беремін кеудемнен
Сенем саған сенем
Сенім артып келем
Сақтасын Тәңірім біздерді сенбеуден


Қадірлей алсаң қадірлім
Басыңа қонған бағыңмын
Білесің бе жанымда жүрсең де
Мен өзіңді жанымдай сағындым
Жұбанышы жанымның.

[Қайырмасы]
Сенем саған сенем
Сені жақсы көрем
Жүрегімді жұлып беремін кеудемнен
Сенем саған сенем
Сенім артып келем
Сақтасын Тәңірім біздерді сенбеуден






Admin

Metini düzeltti

19.07.2019
Kullanıcılar