Мен күткен қуаныштың таңы да атты...
Төрт жылдық махаббаттың нәтижесі -
'Сенімен көтергенім шаңырақты'...
Енді сені бөлеймін жыр-әнменен,
(Жыр-әнменен жаралған мынау денем)
Алла менің оңдады тілегімді,
Үйіме сені келін қылам деген!
Бақытым болса деймін лайым шын,
Сен менің жарқыраған күн-айымсың!
Сен менің Құдай қосқан бұл өмірде,
Ең соңғы, ең бірінші жұбайымсың!)
Серікбол Қадемов, Жұбайыма! Şarkı Sözleri, 0 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store