Şarkı Sözleri
Сапар шексем алысқа, сен жадымнан қалмайсың
Қиындықта қалыспай, қиялымды жалғайсың
Мол бақыттың жайында сырласу мен айтылды
Қарағай мен қайыңдай қатар тұрып шайқалдық
Қайырмасы:
Сәулем, сәулем, сәулем
Кір шалмаған арымсың
Сезімдегі жалынсың
Басымдағы бағымсың
Домбыраның үні - сен
Жүрегімнің жыры - сен
Жанарымның нұры - сен
Күндіз күлген күнімсің, түнде туған айымсың
Жайнап тұрған гүлімсің, ойға шомған қайыңсың
Домбыраға тағылған, егіз шектей жұптастық
Үміт алда жағылған, келешекке нық бастық
Қайырмасы:
Сәулем, сәулем, сәулем
Кір шалмаған арымсың
Сезімдегі жалынсың
Басымдағы бағымсың
Домбыраның үні - сен
Жүрегімнің жыры - сен
Жанарымның нұры - сен
Көзің сенің мөлдір көл, тымық күйде жолықтым
Шарасынан сол бір көл, төгілер деп қорықтым
Жаз орнатқан жаныма, сәулем - сұлу сезімсің
Жарық күнді сидаған, жанарымда өзіңсің
Қайырмасы:
Сәулем, сәулем, сәулем
Кір шалмаған арымсың
Сезімдегі жалынсың
Басымдағы бағымсың
Домбыраның үні - сен
Жүрегімнің жыра - сен
Жанарымның нұры - сен
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).
Казак тили оте коркем тил. Ен болмаса курметпен карап, катесиз жазуларынызды сураймын