Қызыл көйлек Серік Томанов

Қызыл көйлек

0
0

Paylaş:


Şarkı Sözleri



Қызыл көйлек киген қыз оттай жанды, 
Сол солақ екен жанарым шоққа айналды. 
Аяғымнан әл кетіп тоқтай қалдым, 
Ал жүрегім... Жүрегім соқпай қалды. 
 
Лап берді де ыстық леп отқа орады, 
Есер сезім еркімді ноқталады. 
Құдайдың бір әйтеуір сақтағаны, 
Қызыл көйлек киген қыз тоқтамады. 
 
Қызыл көйлек қайтып сол көрінбеді, 
Өшпей қалды өрт бейне көңілдегі. 
Жанарымда біржола қалып қойды, 
Лап бергені жалынның шегінгені. 
 
Жүр де мейлі бекерге жоққа налып, 
Жалтақтаймын сол жаққа көп қадалып. 
Шала жанған жігіттер жаман екен, 
Өзтеніп кетпеген соң отқа оранып.
 



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Ekledi

14.10.2015