Şarkı Sözleri
Жүзімізді таңдар өткен
Қиял қуып арман еткен сәттерім
Бүгінгідей есімде
Шаттық сыйлап жанға көктем
Айлар жылдар зулап өткен
Тәтті едің көңілімнің көшінде менің
Қайырмасы:
Өмір өзен арнасында сапарымыз жалғасуда аяулым
Қиындықты жеңеміз бірге
Махаббаттың айдынында берілместен қайғы мұңға аяулым
Қол ұстасып келеміз бірге
Сенсіз өмір бар ма мәні
Саған ғана арналады осы әнім
Бақытымсың баянды
Жұп болғасын жүрегіме
Мен өзіңді тілегіме қосамын
Арманымсың аяулы менің
Қайырмасы:
Тағдыр өзен арнасында сапарымыз жалғасуда аяулым
Қиындықты жеңеміз бірге
Махаббаттың айдынында берілместен қайғы мұңға аяулым
Қол ұстасып келеміз бірге
Махаббаттың айдынында берілместен қайғы мұңға аяулым
Қол ұстасып келеміз бірге
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).