Заман жоқ, көп тұруға, өмір шолақ.
Жас өмір екі айналмас, мойын бұрмас,
Жұмыс ет оқтай зырлап, қардай борап.
Көп жүрген қара жолмен қадам бассаң,
Кім саған зорлық етер талап-тонап.
Отқа күй, оққа байлан, адалды тап,
Киген тәж, мінген тағың болсын сол-ақ.
Күнің бұл іс ететін орның осы,
Мұнда бақ, мұнда дәклет, мұнда зор ат...
Қорқасың, аяқ басып аттамайсың,
Алғасын алды-артыңды жылан орап.
Орынсыз орға түссең, көпен бірсің,
Тіл алсаң, тек жатпауың деймін жол-ақ. Сәбит Дөнентаев, Уай, жаным Şarkı Sözleri, 0 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store