Şarkı Sözleri
Күлімдеп атқан таңымау
Басыма қонған бағымау
Ханшайымысың жүректің
Жүрекпен сүйген жанымау
Жаныңда әр кез жүргенім
Шаттанып бірге күлгенім
Бақытқа толы жанымау
Өзіңмен бірге күндерім
Қайырмасы
Жаққандай жүрегіме есімің
Қаққандай бақыт келіп есігін
Жапқандай сен әлдилеп бесігін
Мен үшін жаққандай жүрегіме есімің
Жүрегімдегі жүрегім
Сезіммен өскен гүл едің
Өзіңмен мәңгі бір болу
Тәңірден тілер тілегім
Тіріліп сезім сезіммен
Жарасып сөзім сөзіңмен
Жаратқан берген жанымау
Бақыттымын мен өзіңмен
Қайырмасы
Жаққандай жүрегіме есімің
Қаққандай бақыт келіп есігін
Жапқандай сен әлдилеп бесігін
Мен үшін, жаққандай жүрегіме есімің
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).