Өмірқұл Айниязов Оңғар жырау (2017), Şarkı Sözleri

Оңғар жырау Şarkı Sözleri

Өмірқұл Айниязов

2017

2
0

Paylaş:



Алқалап келген әлеумет
Сөзімде болса әуесін
Бәһарда дарақ гүлдесе,
Бұтаққа шашар мәуесін.

Жасанған жауға кездессе,
Батырлар тартар жебесін.
Жаратқан өзі жар болса
Жарадан сақтап денесін.
Егеулі болат көк найза

Сауыттың сөгер көбесін.
Ажалға етер амал жоқ
Таусылса демің, өлесің.
Барымды базар етпесем,
Ашулы туған ағалар
Әлде не деп сөгерсің.

Айтпасқа бізде хал бар ма
Аға-іні келіп алқалап
Ал сөйле, дүрім дегесін
Білгеніңді аянбай
Қарышта біздің қызыл тіл
Борбайлап қалды демесін.






17.09.2017
Kullanıcılar