Бізді күтер бір бақыт Şarkı Sözleri

Нұржан Төлендиев

Бізді күтер бір бақыт

3
0

Paylaş:


Қайран күндер... сайран күндер артта қалған!
Қайда калды?.. аппақ үміт... аппақ арман...
Біз екеуміз, күтіп журген бақыт құсы...
Сол баяғы, біз қыдырған бақта қалған!
 
Жаршысындай бала күннің, тамшысындай жанарыңның,
Сен есімде қала білдің, жүрегімді жырлатып.
Ақ жүзіңді мұңға малма! Армандар көп тұрған алда!
Жылжығанмен жылдар алға, бізді күтер бір бақыт!
 
Талайларды өкіндіріп, өкпелетіп,
Барады өмір... байыз таппай текке кетіп.
Қоңыр күздей, менің мұңлы көңілімді,
Сол шақтар ғой, көтеретін көктем етіп!
 
Жаршысындай бала күннің, тамшысындай жанарыңның,
Сен есімде қала білдің, жүрегімді жырлатып.
Ақ жүзіңді мұңға малма! Армандар көп тұрған алда!
Жылжығанмен жылдар алға, бізді күтер бір бақыт! (2х)

Нұржан Төлендиев, Бізді күтер бір бақыт Şarkı Sözleri, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Sözü ekledi

22.10.2015
Video
Нұржан Төлендиев
Бізді күтер бір бақыт