Нұрлан Әбдібеков Ұлым менің Арланым (2019), Şarkı Sözleri

Ұлым менің Арланым Şarkı Sözleri

Нұрлан Әбдібеков

2019

0
0

Paylaş:



Ұлым менің арланым абаданым
Аңсағаным қанша жыл қалағаным
Ұзақ өмір сүріге кепіл болса
Жасар едім сен үшін бар амалын
Ұлым менің ұрпағым мақтанышым
Біздің үйдің арайлы ақ таңысың
Анаңда бір аз бедел жинап қалды
Балпанақтар батырды тапқаны үшін

Қайырмасы
Ұлым менің мұрагерім
Сүрінбеген құлагерім
Күлімдеген тым әдемі
Шаңырағыма ие бол мына менің

Ақ тілегі әкемнің арлан елі
Ақ самайлы анамның арманы еді
Күндей жанып алаштың аспанында
Балдай тәтті ғұмыр кеш бал бөбегім
Ұлым менің арланым ізбасарым
Мұңаймасын күлерім жүз жасарым
Қадамыңмен үйімде той басталып
қазанымда ет қайнап қызды ошағым

Қайырмасы
Ұлым менің мұрагерім
Сүрінбеген құлагерім
Күлімдеген тым әдемі
Шаңырағыма ие бол мына менің









Айгул

Metini düzeltti

23.02.2019
Kullanıcılar