Алланың бары ақиқат Şarkı Sözleri

Мейрамбек Бесбаев

Алланың бары ақиқат

22
2

Paylaş:



1. Алладан басқа жоқ тәңір
Мұхаммед оның елшісі
Оқысаң құран тәп-тәуір
Жаныңның жалғыз емшісі
Адамның бәрі жат-бауыр
Заманның сол ғой кем тұсы
Болуы қиын хаққа құл
Ібіліс болса көршісі
Жер бетіндегі көп қабір
Пенденің алған еншісі.
 
2. Құлдың да құлдан несі артық,
Нәпсісін түгел тисе артық,
Намазын оқып бес уақыт
Иманын кәміл жиса артық
Қиамет күні, құлым деп
Алланың өзі сүйсе артық
Жәннәтта ғұмыр кешерсің
Көңіліңді сонда күй шалқып
Анаңның аппақ сүтінен
Жұмақтың жұпар иісі аңқып.
 
3. Алланың бары ақиқат
Танитын соны ілімдер
”Ля Иллаха”, - деп жас ұрпақ
Намаз бен һақтың нұрын көр.
Пайғамбар салған ізбенен
Жаңылмай жолдан жүріңдер,
Тұрағың болған жалғанда
Жұмағың болмас жұмыр жер
Тіршілік еткен пендеңе
Құлшылық етер ғұмыр бер.
 
4. Өкінішті мына өмірде
Тарамда-тарам жол болар
Біреудің тасып мерейі,
Біреудің бағы кем болар.
Алланың ол да сынағы
Ойлаған соны жөн болар
Есіктен кірген басыңның
Алатын орны төр болар,
Бесіктен шыққан басыңның
Баратын жері көр болар.
 
5. Құранның сөзі қасиет
Пайғамбар сөзі өсиет
Күдеріңді үзбе құдайдан
Көрсеңде қайғы-қасірет
Бабалар өткен баһадүр
Иманы жалғыз досы боп,
Ізгілік жолын іздеген
Бұйрығы һақтың осы деп
Кіршіксіз ғұмыр кешуді-ей
Бізге де Алла нәсіп ет,
Кіршіксіз ғұмыр кешуді-ей
Бізге де Алла нәсіп ет 
мейрамбек, беспаев, бесбаев, meirambek, bespayev, besbaev, bespaep, besbaeb, беспаеп, Алланың бары ақиқат Şarkı Sözleri, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Yorumlar

Қонақ

28 Şubat 2016

керемет

саламат

25 Ağustos 2016

керемет ан маган унаиды

Khalbinur Zhuman

Metini düzeltti

08.04.2017
Kullanıcılar

GM