Şarkı Sözleri
Жұпар исi аңқыған,
Туған жердi сағындым.
Ән мен жыры шалқыған,
Думанды елдi сағындым.
Жұлдыздары самғаған
Түнгі аспанды сағындым
Сәл көрмесем аңсаған
Құрдастарды сағыныдм
Жетелеген мың арман,
Бала кездi сағындым.
Тал шыбықтай бұралған,
Қара көздi сағындым.
Аққу ұшып, қаз қонған,
Көлдерiмдi сағындым.
Тайға мiнiп мәз болған,
Белдерiмдi сағындым.
Селт еткiзген сезiмдi,
Аруларды сағындым.
Бәрiнен де өзiмдi,
Сағынғанды сағындым.
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).