Мақпал Қазыбекқызы Мінәжат (2019), Şarkı Sözleri

Мінәжат Şarkı Sözleri

Мақпал Қазыбекқызы

2019

0
0

Paylaş:



Ғаламға әмірің құп алла
Қасиетті сөзің құранда
Құлшылық қылып қол жайып
Алдыңда құлың тұр алла
Екі дүниемнің патшасы
Қолыңда тағдыр тақтасы
Жарылқап рахман нұрыңмен
Тозақ отынан сақташы

Қайырмасы
Ләйләхәилла аллах
Мұхаммад расул аллах
Кәлимамдай тіліме е алла
Құлыңа иман бер алла
Жалғыз-ақ раббым тек алла
Ләй илалла

Берілмес бекер қиялға
Сана бер сауап жиярға
Құдіретің шексіз шүбәсіз
Құзіретіңдеміз е алла
Көңілімді бұрмай күмәнға
Талпындым тәуба қыларға
Иланың иман келтірдім
Жаратқан жалғыз бір алла

Қайырмасы
Ләйләхәилла аллах
Мұхаммад расул аллах
Кәлимамдай тіліме е алла
Құлыңа иман бер алла
Жалғыз-ақ раббым тек алла
Ләй илалла






Айгул

Metini düzeltti

19.04.2019
Kullanıcılar