Қарады тіміскілеп әрбір жерді.
Жерден іздеп дәнеңе таба алмады,
Ілулі шаңырақта етті көрді.
Қарады етке мысық көзін сатып,
Алам деп секіреді кейде жатып.
Құдайға өкпелейді: «Қол бермедің,
Алар ем,- деп,- бұл етті ағаш атып!»
He керек, ала алмады, азаптанды,
Ашудан өле жаздап аз-ақ қалды.
Қайтсе де ала алмасын білгеннен соң,
Мысығың өзіне- өзі тоқтау салды:
«Қой, не керек, бұл ісің тіпті ұнамас,
Естісе, бұл қылығың көпке ұнамас.
Сасыған, құрттап кеткен жасық етті,
Ханзада, жегеніңмен, ішке ұнамас».
Асылды, қолға түспей, жасық деуші,
Қолға түссе, жасықты майдай жеуші -
Артынан арқан бойы шығып тұрып,
Өз үйінде сабазың сыр бермеуші. Мағжан Жұмабаев, Мысық пен ет Şarkı Sözleri, 0 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store