Қазақстан жастарының әнұраны Şarkı Sözleri

Мәдина Сәдуақасова ft. Индира Еділбаева

Қазақстан жастарының әнұраны

1
0

Paylaş:


Қазағымның даласы,
Байтақ неткен қарашы?!
Қалдырған бабалардың бақ мұрасы.
Жаса, мәңгі жастары,
Алға қарай бас қадам.
Көгінде желбіресін көк байрағың!
 

Қайырмасы:
Шарықтай бер, самға көкте,
Қанатын жайған қырандай.
Алтын Ту асқақ ұрандай,
Туған елім, туған жерім.

Алтын бесік, атамекен,
Өзіңсің айтар ән-жырым.
Өзің деп соққан жүрегім,
Бақыт қонған байтақ елім менің.


Армандары табысқан,
Жаралған от-намыстан,
Біз жастар жарқыраған, жалындаған.
Біз халықтың еркесі,
Халықтың біз ертеңі,
Шуақты, нұрлы күнге жол бастаған.

 

Қайырмасы:
Шарықтай бер, самға көкте,
Қанатын жайған қырандай.
Алтын Ту асқақ ұрандай,
Туған елім, туған жерім.

Алтын бесік, атамекен,
Өзіңсің айтар ән-жырым.
Өзің деп соққан жүрегім,
Бақыт қонған байтақ елім менің.
Мәдина Сәдуақасова ft. Индира Еділбаева, Қазақстан жастарының әнұраны Şarkı Sözleri, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Sözü ekledi

24.02.2016
Video
Мәдина Сәдуақасова ft. Индира Еділбаева
Қазақстан жастарының әнұраны