Қуандық Рахым Қазақ деген халықтың баласымын (2019), Şarkı Sözleri

Қазақ деген халықтың баласымын Şarkı Sözleri

Қуандық Рахым

2019

26
1

Paylaş:



Т.Молдағалиев.

Қазақ деген халықтың баласымын
Баласына беретін бар асылын.
Мінін көрсе, қиналып інісінің,
Тілін алып өсетін ағасының.

Қазақ деген халықтың баласымын
Жағасынан алмайтын данасының.
Айтқанынан шықпайтын әкесінің,
Бір сөзінде жықпайтын анасының.


[Қайырмасы]
Қазақ деген халықтың баласымын
Алда талай алынар бар асуым.
Арман жолы жүрерім, бақыт жолы,
Мүмкін емес сол жолда адасуым,

Қазақ деген халықтың баласымын
Алда талай алынар бар асуым.
Арман жолы жүрерім, бақыт жолы,
Мүмкін емес сол жолда адасуым,
Қазақ деген халықтың баласымын!


Қазақ деген халықтың баласымын
Ағы менен көзінің қарасымын.
Халқын мақтан ететін әр жерлерде,
Салтын сақтап жүретін бабасының.

Қазақ дейтін халықтың баласымын
Жолға тастап кетпейтін жан асылын.
Қарындасын қызындай еркелетіп,
Аялайтын гүліндей даласының.

[Қайырмасы]
Қазақ деген халықтың баласымын
Алда талай алынар бар асуым.
Арман жолы жүрерім, бақыт жолы,
Мүмкін емес сол жолда адасуым,

Қазақ деген халықтың баласымын
Алда талай алынар бар асуым.
Арман жолы жүрерім, бақыт жолы,
Мүмкін емес сол жолда адасуым,
Қазақ деген халықтың баласымын!


[Қайырмасы]
Қазақ деген халықтың баласымын
Алда талай алынар бар асуым.
Арман жолы жүрерім, бақыт жолы,
Мүмкін емес сол жолда адасуым,

Қазақ деген халықтың баласымын
Алда талай алынар бар асуым.
Арман жолы жүрерім, бақыт жолы,
Мүмкін емес сол жолда адасуым,
Қазақ деген халықтың баласымын!






Admin

Metini düzeltti

14.12.2019
Kullanıcılar