Оның көздері Şarkı Sözleri

Қуандық Рахым

2018

36
0

Paylaş:



Әлемі тұнық, әдемі қылық,
Арулар қандай арайлы.
Балауыз шамдай, жаздағы таңдай,
Жүзіне, сәуле тарайды.
Тамсандырып талайды,
Тек біреуді қалайды.
Қайран қылып, ой қалдырып,
Жүректі өртеп қарайды.

Қайырмасы:
Қыз, қыз қарады,
Қос, қос жанары,
Қас, қас-қабағы мазамды алып.
Қас, қас-қабағы мас-мас қылады,
Барам естен танып.

Қыз, қыз қарады,
Қос, қос жанары,
Қас, қас-қабағы мазамды алып.
Қас, қас-қабағы мас-мас қылады,
Барам естен танып.


Жүрегі жұмбақ, үнемі қымбат,
Бағалы гауһар асылдай.
Танысқанменен, табысқанменен,
Тұрады сыры ашылмай.
Бар айласын жасырмай,
Айналдырған басымды-ай.
Таң қылады, талдырады,
Көздері оның жасындай.

Қайырмасы:
Қыз, қыз қарады,
Қос, қос жанары,
Қас, қас-қабағы мазамды алып.
Қас, қас-қабағы мас-мас қылады,
Барам естен танып.

Қыз, қыз қарады,
Қос, қос жанары,
Қас, қас-қабағы мазамды алып.
Қас, қас-қабағы мас-мас қылады,
Барам естен танып.

Қайырмасы.

Қайырмасы.




қуандық, рахым, куандык, kuandyk, kuandik, rahim, rakhim, rahym, Оның көздері Şarkı Sözleri, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






16.04.2019
Kullanıcılar