Жамбыл атам ардақты Қожа-Мансұр Абубакиров

0
0

Paylaş:


Şarkı Sözleri



Сүйімбайдың саған қылған жақсылығын
Қайтардың пір тұтып сен тәтті жырын
Жамбыл тау баурайында жаңа туған
Өткен сенің сол жерде бар ғұмырың
Бүгін сенің жырың мен күн өткерем
Берген әрбір өлеңің жүрекке дем
Бойымда бар меніңде ақындық қан
Өлең жаздым өзіңе тілекпенен
Халқым деп қасап тұрды шыбын жаның
Партиоттық сезіммен шырылдадың
Отан деп құрбан еттің сен жаныңды
Халқым деп жасадың сен мұның бәрін
Бар бойымда меніңде ар намысым
Жүрдім сенің жолыңда самғау үшін
Сені қорлап тіл тигізген адамға
Шырылдады сен үшін жан дауысым
Қалайша құтылдың сен бұл дүбірден
Айтыста айттың мұңды шындығыңмен
Көрмесемде мен сені білгенім бар
Баурадың барша жанды бар жаныңмен.
Қайназар ауылындағы №1 орта мектеп КММ
10 «А» сынып оқушысы: Абубакиров Қожа-Мансұр Қыдыр Али
Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бижанова Ақмаржан Нұрланқызы



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Ekledi

11.06.2017