Şarkı Sözleri
Құтты болсын келінім, аяғынан
Осы еді ғой күткенім баяғыдан
Мал-мүлкіңе ие бол арнап жиған
Өсекшілдің сақ болғын саяғынан
Қайырмасы:
Асқар белім, шалқар көлім, Келінжан
Қуанышым, жігер күшім Келінжан
Келін келді дегенде қуанғаным
Үш ұмтылып орнымнан тұра алмадым
Қосағыңмен қоса ағар бақытты бол
Құттықтаймын басыңның құралғанын
Қайырмасы:
Асқар белім, шалқар көлім, Келінжан
Қуанышым, жігер күшім Келінжан
Құтты болсын аяғың Дина келін
Өзіңе арнап мал-мүлік жинап едім
Біз қартайдық, ал енді демалайық
Жақсы болсаң ата-ене сила келін
Қайырмасы:
Асқар белім, шалқар көлім, Келінжан
Қуанышым, жігер күшім Келінжан
Кенен әні
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).