Paylaş:




Şarkı Sözleri



Ал қызыл қырдың гүлі
Шуақты күннің нұры
Жалынды жүрек жырысың
Ару қыз қылықтысың
Жанымды жылыттың шын
Мақтаулы тəтті сырымсың
Асылым таңдағаным
Сенбердің жанға жалын
Кел биле көтеріп көңіл
Əн салып арман айым
Жаныңа мен барайын
Бақытты кешейік өмір

Қайырмасы:
Пай пай қыздар-ай
Неткен жандар-ай
Сиқырлы сазды сөздер-ай!!!
Пай пай қыздар-ай
Жанды қозғады-ай
Қолаң шаш қара көздер-ай

Құлпырған қызғалдағым
Аяулы ізгі арманым
Үкілі үмітім болдың
Күлімде күндей жаным
Арналды саған əнім
Бақ құсы қолыма қонды
Өзіңмен төгіп арай
Көз салшы маған қарай
Бақытқа бірге жетейік
Ойымнан бөлінбеді
Күнім бол көгімдегі
Жаныма серік етейін

Қайырмасы:
Пай пай қыздар-ай
Неткен жандар-ай
Сиқырлы сазды сөздер-ай!!!
Пай пай қыздар-ай
Жанды қозғады-ай
Қолаң шаш қара көздер-ай




Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Ekledi

10.05.2017