Бақытыңды жырлайды Şarkı Sözleri

Кәмшат Жолдыбаева

Бақытыңды жырлайды

1
1

Paylaş:



Жыламашы шырағым, күңіренген қобыздың
Бұрамашы құлағын, ұмыт болып мына күн
Сейіледі мұнарым, жыламашы шырағым
Шашыратып шуағын, мен білемін мына күн
Шұғыламен тынарын

Қайырмасы:
Шаттық пенен қуаныш
Өкініш пен мұң-қайғы
Өмір-бақи тұрмайды
Алма кезек зулайды
Жыла жаным жылай бер
Менде мәңгі тұрмаймын
Зарыңды кім тыңдайды
Ертең келіп басқа жан
Бақытыңды жырлайды

Аттанады мына күн, ашылады аспаным
Шашылады аспанда сенің жауын жастарың
Сонау алыс асқарға асылады шашбауың
Шашырайды басқа нұр, қосылады бастарың


Қайырмасы:
Шаттық пенен қуаныш
Өкініш пен мұң-қайғы
Өмір-бақи тұрмайды
Алма кезек зулайды
Жыла жаным жылай бер
Менде мәңгі тұрмаймын
Зарыңды кім тыңдайды
Ертең келіп басқа жан
Бақытыңды жырлайды
Кәмшат Жолдыбаева, Бақытыңды жырлайды Şarkı Sözleri, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Sözü ekledi

30.10.2015
Video
Кәмшат Жолдыбаева
Бақытыңды жырлайды