Әке мен бала Şarkı Sözleri

Ибрагим Жақып , Нұрмұxаммед Жақып

2018

0
0

Paylaş:



Өзіңдей балалық бал күнді менде көрдім
Тәңірден таратқандар елге көндім
Жетелеп жеткіздің ел сүйер балаға әкетайым
Ер жетіп бұл елім меніде қолдады сені де көрдім

О жаратқан мені баламнан еш ажыратпағын
О жаратқан әкені баладан ажыратпағын

Өзіңдей болуды алладан сұранамын
Әкешім куа бол атыңды биіктен шығарамын
Тәңірден тілеп ем өзіңдей баланы құлыншағым
Ер жеткен ұлымды жаратқан қолдаса қуанамын

О жаратқан мені баламнан еш ажыратпағын
О жаратқан әкені баладан ажыратпағын

Құлдығын құрметтеген еліңді сыйлаудан шан шуағым
Сен менің бағымсың алдымнан табылсын аңсағаным
Жан әкем құрбаным жақсыға жол басқан мұқтажымсың
Өзіңнің арқаңда жарқырап жанса бағым

О жаратқан мені баламнан еш ажыратпағын
О жаратқан әкені баладан ажыратпағын

Ибрагим Жақып, Нұрмұxаммед Жақып, Әке мен бала Şarkı Sözleri, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Metini düzeltti

29.12.2018
Kullanıcılar