Мәңгі бірге болайық Şarkı Sözleri

Гүлнұр Оразымбетова

Мәңгі бірге болайық

1
0

Paylaş:



Саған деген сезім дара,
Асқар тауым өзің ғана,
Бұл ғаламда,
Нұр ғаламда.
Сен бар жерде,
Күн нұры бар,
Күміс күлкі сыңғыры бар
Таңғажайып, жан ғажайып.
 
Қайырмасы:
Мәңгі бірге болайық.
Туған Айдай толайық.
Шыңдарда да,
Сындарда да.
Мәңгі бірге болайық,
Армандарға барайық.
Бір сенімен, гүл сеніммен.
 
Қасымдасың қуансам да,
Қасымдасың мұңайсам да.
Асыл жарым,
Ғашық әнім.
Өзіңменен өмір жарқын,
Көтеріңкі көңіл әр күн.
Асыл жарым,
Қасыңдамын.
 
Қайырмасы:
Мәңгі бірге болайық.
Туған Айдай толайық.
Шыңдарда да,
Сындарда да.
Мәңгі бірге болайық,
Армандарға барайық.
Бір сенімен, гүл сеніммен.
Гүлнұр Оразымбетова, Мәңгі бірге болайық Şarkı Sözleri, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Sözü ekledi

06.01.2016
Video
Гүлнұр Оразымбетова
Мәңгі бірге болайық