Нұрымның термесі Şarkı Sözleri

Гүлниза Жұмажанова

2017

3
1

Paylaş:



Мен қашаған жүйрігім
Топ ішінде толғаған
Шынымменен шырқасам
Бабам қадыр қолдаған
Осылайша сөйлесем
Сөз ғалама ұмытылмай
Көре алмай жүр біреулер
Сөз айтады сыртымнан
Қас жүйріктің белгісі ау
Дола көрсе жұлқынған
Айтулы жүйрік мен едім
Салдырламай қамшыны
Ұсынсам қолым жетерме
Қырдан асқан түлкідей
Қырмызы қызыл заманға
Айтсаң сөзің жетерме
Ақылсыз туған жаманға
Қайран қамшы сермеме
Сүйекке біткен шабанға
Екі жақсы дос болса бірін бірі қия алмас
Екі жаман дос болса
Бір легенге сыйа алмас
Қас жаманға мал бітсе
Қатарынан оздым дер
Бұл күндерде өзім болдыр дер
Дүние деген сары алтын
Əркімдерді алдаған
Қапы қалың қара жер
Талай ерді жаулаған
Екі достың арасы
Майра дауы оңбаған
Ерлер өтті қарасам
Көксінгүсін ерлеген
Астана жұртым меңгерген
Ерегесіп келгенде
Дауың дұшпан келгенде
Жалғызбын деп қарамай
Азды көпті жауды санамай
Жауға жалғыз жөнелген

Қол дүниені байқадық
Майдандағы көзбенен
Əрбір түрлі жол айттық
Оралған қызыл тілменен
Қартайғанда сыр өнер
Жас шағыңда домалар
Балдан тəтті не нəрсе
Ішпесе олда у болар
Жібектен асқан не нарсе
Кемесе олда нұр болар
Арқар деген аң болар
Олар қардың мекені
Асқар ала тау болар
Бəйгеден келген бос шұбар
Мұны өркен көрсеткен
Құйрығымен жал болар
Шал құйрығынан айырылса
Шұбар шал -ақ бай болар
Нешелер шешен өткен жоқ
Бұл домбыра қолға алып
Шарршы түрде қақсаған
Ешелеп сұлу өткен жоқ
Ақ бетіңнің ажары
Ай мен түнге қақтаған
Нешелер батыр өткен жоқ
Қу найзасын саптаған
Елдің шетін жақтаған.
Бір өлімнің айласын
Шыбын жанның пайдасын
Ешкім оилап таппаған


Гүлниза Жұмажанова, Нұрымның термесі Şarkı Sözleri, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Metini düzeltti

02.11.2018
Kullanıcılar