Бозторғайым Şarkı Sözleri

Ескендір Хасанғалиев

Бозторғайым

2
0

Paylaş:


Даланы мен де,
Сүйемін сендей.
Бауырмал құсым,
Назыңнан әсем,
Сазыңнан әсем,
Жаңылма құсым.
 
 
Қайырмасы:
 
Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан.
Құс едің ғой кең далаға бауыр басқан.
Аяздарда тоңбайсың ба бозторғайым
Жылы ұяңа қонбайсың ба бозторғайым.
 
 
Тауқымет тартып,
Тарықпа жаным,
Қорықпа жаным.
Құшығымды ашып,
Кеудеме басып,
Берейін жалын.
 
 
Қайырмасы:
 
Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан,
Құс едің ғой кең далаға бауыр басқан.
Аяздарда тоңбайсың ба бозторғайым
Жылы ұяңа қонбайсың ба бозторғайым.


Ескендір Хасанғалиев, Бозторғайым Şarkı Sözleri, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Sözü ekledi

19.10.2015