Жаным Şarkı Sözleri

Еркін Нұржанов

Жаным

1
0

Paylaş:



Мен қазақпын ол қырғыз - сайраған сол қыз.
Ол әндетсе тербелер көктегі ай, жұлдыз.
Ақ қалпақты Алатау, қазбауыр бұлтпен
Сол бір қызға серінің сәлемін білгіз!

Қ\сы

Нұр төккенде таңға арай шыдар жан қалай!?
Жалт етіп бір көрінген сен бе найзағай?
Жаным, жаным, жаным, жаным
Арман-ай, арман-ай әнім Толғанай.

Ол қырғызда мен қазақ, кездескен кезде-ақ,
Сезбеппін-ау сағыныш саларын азап.
Ыстық көлдің жағасын  бірге қыдырып,
Күй кешірсем басымнан өшпеитін ғажап.

Қ\сы

Нұр төккенде таңдарға арай шыдар жан қалай!?
Жалт етіп бір жоқ болған сен бе найзағай?
Жаным, жаным, жаным, жаным
Арман-ай, арман-ай әнім Толғанай.

Қырғыз-қазақ бауырда, ортақ тауымда,
Басылмай жүр сен жаққа жалтақтауымда.
Жанарыңды от шәшқан көруге асықпын.
Бір қыдырып келсеңші біздің ауылға.

Қ\сы

Нұр төккенде таңға арай шыдар жан қалай!?
Жалт етіп бір көрінген сен бе найзағай?
Жаным, жаным, жаным, жаным
Арман-ай, арман-ай әнім Толғанай.


Еркін Нұржанов, Жаным Şarkı Sözleri, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Sözü ekledi

04.01.2016
Video
Еркін Нұржанов
Жаным