Şarkı Sözleri
Жан анашым қамқоршым жанашырым
Бердің маған әлемнің бар ассылын
Қабағыңнан танитын бала сырын
Сенсің менің мөп мөлдір қарашығым
Қайырмасы
Анашым жұмағым табаныңда
Анашым көңілім қабағыңда
Бар махаббат тұр биік шамалыңда
Бар мейірім тұңғиық жанарыңда
Әлдиіңмен сезіліп жалын ішкі
Құлындарың бақыттың балын ішті
Қарғамау деп маңдайдан сипап тұрып
Сіңіресің бойыма сағынышты
Қайырмасы
Анашым жұмағым табаныңда
Анашым көңілім қабағыңда
Бар махаббат тұр биік шамалыңда
Бар мейірім тұңғиық жанарыңда
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).