Қаныбек Елдос Үмбетәлі

2018

2
0

Paylaş:




Şarkı Sözleri



Суыққа да түсіп көрген Қаныбек
Ыстыққа да түсіп көрген Қаныбек
Асытндағы жалғыз атын жаяуға
Жаяуға алып түсіп берген Қаныбек
Жазықсыздан ұшырасақ жазаға
Жар құсындай ұшып келген Қаныбек
Сені көрсе өңкей қорқау қарақшы
Бұралқы иттей зыттып берген әні деп
Талатпайтын елін жұртын басқаға
Сенен ақыл сұраушы еді бәрі кеп
Бірақ рет өле тұғын күнде өлмей
Батырлардан жалғыз тұқым қалып еді
Қас батырды қабылыста ататын
Қас күнемнің атасынай лағынет ай....

Мақтағанға тіл жетпейтін Қаныбек
Ақтағанға сын жетпейтін Қаныбек
Өміріңді сатып алсақ алладан
Бір күніңе құн жетпейтін Қаныбек
Мын бір жылда жалғыз рет туылып
Бұл өмірден күнде өтпейтін Қаныбек
Асқақтаған рухың өлшеулі
Аспандағы шың жетпейтін Қаныбек
Екі дүние о жақпенен бұ жақта
Есімізден бір кетпейтін Қаныбек
Ши бөрідей ши түбіне тығылып
Кейбіреулер дірдектейтін Қаныбек
Тас бұғаттан құйып қойған Қаныбек
Бар жақсыны үйіп қойған Қаныбек
Барлық ізгі қасиетін қазақтың
Бір бойына жиып қойған Қаныбек
Күпірліктер әлсіздерді қинайтын
Сені көрсе сиіп қойған Қаныбек
Доспен дұшпан бәрі бәрі өзіңді
Басқалардан биік қойған Қаныбек
Атам түйіп туар болған Қаныбек
Талай талай тура болған Қаныбек
Ел басныда екі талай күн туса
Атқан оққа тура болған Қаныбек
Досың түгіл дұшпан саған сүйініп
Жат пен жақын риза болған Қаныбек
Қарасай мен Наурызбайдан кейінгі
Шапыраштыға тұлға болған Қаныбек
Әлпештеген әбең кетті ау қасыңнан
Оныда жұрт ер жүрек деп танып еді
Қамқор атаң қоса кетті ау Қанипа ай
Оларды атқан жансыздарға лағынет ай ай

Жолбарыстан білек алған Қаныбек
Қабыланнан жүрек алған Қаныбек
Өмірімен батыр болған Қаныбек
Көңілінен ақын болған Қаныбек
Жан адамды бөлмей тұғын Қаныбек
Қорлығына көнбей тұғын Қаныбек
Жеті оқпен атыпсындар бірақта
Жетпіс оққа өтпей тұғын Қаныбек
Біз тұрмақ Қаныбекеңнің өлігін
Өлімдіктер жеңбей тұғын Қаныбек
Руға жүзге бөлінбейтін Қаныбек
Жерде жатып жеңілдейтін Қаныбек
Егер ұлтқа тіс батырса тышқандр
Аш қасқырдай бөліп жейтін Қаныбек
Қанекеңді қара жерге көмсеңде
Қасиеті көмілмейтін Қаныбек






Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Ekledi

01.01.2016